ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ ЖАРИЯ ШАРТ ЖАСАСУ ТУРАЛЫ ЖАРИЯ ОФЕРТА

Талдықорған қ.

"Қайнар-Медиа" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС) Сізге Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 387-бабына сәйкес төменде келтірілген Жария оферта талаптарымен қызметтер көрсетуге жария шарт жасасу мүмкіндігін ұсынады.
Бұл құжат "Қайнар-Медиа" (ЖШС) қызметтерін ұсынуға шарт (Шарт) жасау туралы ресми ұсыныс (Жария оферта) болып табылады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 395-бабының 5-тармағына сәйкес төменде баяндалған талаптар қабылданған жағдайда, қызметтер ұсынуға арналған шарттың 1.2-тармағында көрсетілген тұлғалар жүйелі конклюденттік іс-әрекеттер (қосылу) жасау жолымен осы офертаны құптау арқылы осы шартты жасасады.
Осы Жария офертаның мәтінін мұқият оқып шығуыңызды сұраймыз, себебі оны құптау Абоненттің шарттың барлық талаптарымен келісетінін білдіреді.
"Қайнар-Медиа" ЖШС абоненттерімен - жеке тұлғалармен қызметтер ұсынуға жария шарт жасасу туралы Жария оферта. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға "Қайнар-Медиа" ЖШС атынан бұдан әрі Оператор деп аталатын, Жарғының негізінде әрекет ететін директоры А.А.Нестеренко мырза "Қайнар-Медиа" ЖШС Абоненттеріне - жеке тұлғаларға осы жария Офертамен қызметтер ұсынуға шарт жасауды ұсынады. Оператордың көрсетілетін қызметтерін ұсыну талаптары осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын тиісті Қосымшаларымен регламенттеледі.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР КЕЛЕСІ МАҒЫНАҒА ИЕ:

"Абонент" - Шартты құптау жолымен Оператормен осы Шартты жасасқан және Шартта белгіленген талаптарда Қызметтерді алу құқығын алған жеке тұлға.
"Шартты құптау" - жеке тұлғаның осы Шартқа қосылу туралы Өтінішті толтыру және оған қол қою бойынша іс-әрекеттер жасауы, бұл осы тұлғаның осы Шарттың барлық талаптарын ешқандай өзгеріссіз, толық көлемде қабылдайтынын растайды.
"Абоненттік төлем" - Оператор ұсынатын Қызметтер үшін ай сайынғы төлем сомасы.
"Шарт" - Оператордың Қызметтерді ұсынуына осы жария шарт, оларды ұсыну тәртібі мен талаптары бекітілген және осы Шартқа жекелеген қосымшалармен, Оператордың өкімдік және ішкі құжаттарымен реттеледі, оған деректерді беру (интернет желісіне қол жеткізу) қызметтері, кабельдік теледидар қызметтері, домофония (бейнедомофон) қызметтері және қызметтерді ұсынуға Өтініш кіреді.
"Кепілдік мерзімі" - Абонентке уақытша пайдалануға немесе меншігіне берілген Жабдыққа кепілдік беру тәртібі. Оператордың ішкі құжаттарымен айқындалады.
"Өтініш беруші" - жария Шартқа қосылу арқылы Оператордың Қызметтерін алуды қалайтын әлеуетті абонент.
"Берешек" - осы Шарт бойынша Абонент төлемеген ақша қаражатының сомасы және/немесе Абонентке уақытша пайдалануға берілген, Абонент Шартта белгіленген мерзімде қайтармаған Жабдық.
"Қызмет көрсету (қосылу) туралы өтініш" - Абоненттің дербес шоты, таңдалған Қызмет, Абонент туралы ақпарат, Оператордың байланыс деректері және Қызмет көрсету үшін қажетті өзге де мәліметтер көрсетілген ақпараттық парақ. Қосылу туралы Өтініш осы Шартқа қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
"Дербес деректерді пайдалану" - Оператордың қызметтер ұсынуына байланысты Абоненттің, үшінші тұлғалардың дербес деректерімен жасалатын іс-әрекеттер.
"Дербес шот" - Оператордың биллинг жүйесіндегі электрондық шот, онда қызметтер бойынша есептелген Абоненттен түскен төлемдер сомасы және Оператор қызметтер үшін төлем ретінде есептеген ақша қаражатының сомасы ескеріледі. Дербес шоттың бірегей нөмірі болады.
"Оператор" - кабельді теледидар қызметтерін, Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін (деректерді беру), домофония қызметтерін ұсынатын "Қайнар-Медиа" ЖШС.
"Аралас қызметтер" - құрамына Абоненттің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Оператордың біріктірілген қызметтерінің екі немесе одан да көп түрі кіруі мүмкін Оператор ұсынатын қызметтерді бірге пайдалану.
"Есепті кезең" - күнтізбелік ай, атап айтқанда: ағымдағы айдың бірінші күнінен соңғы күніне дейін.
"Тестілік режим/кезең" - Оператор жабдықтарды, қабылдау сапасын, бағдарламалық қамтамасыз етуді баптауды, барлық жүйелердің сенімділігін тексеруді, сондай-ақ тарату жабдығы жұмысының сенімділігін арттыру бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге құқылы кезең, осыған байланысты таңдалған қызметтер пакетінде қызметтер көрсетуле үзілістерге, ауытқуларға, сондай-ақ көрсетілгендермен шектелмей өзге де өзгерістерге жол беріледі.
"Қызметтер" - Абонент таңдаған және қосылу туралы Өтініште көрсетілген негізгі және қосымша қызметтерді, оның ішінде құрамдастырылған қызметтерді Оператордың Абонентке ұсынуы.
"Есеп айырысу күні" - әрбір күнтізбелік айдың 01-ші күні.
"Құрылыс-жөндеу жұмыстары" - плинтустарды, розеткаларды, есік жақтауларын бөлшектеумен/монтаждаумен, сондай-ақ қабырғаларды, төбелерді, едендерді штрабельдеумен және сылақ жұмыстарымен байланысты жұмыстар.
"Дербес деректер" - Абонент туралы мәліметтер (телефон нөмірлері, сәйкестендіру кодтары, электрондық пошта мекенжайлары, пошталық мекенжайы, жеке тұлғалар үшін жеке сәйкестендіру нөмірі, биллингтік мәліметтер және Абонентке ұсынылатын қызметтер туралы мәліметтер, деректерді беру желісіндегі Абоненттің мекенжайлары және деректерді беру желісіндегі интернет-ресурстарға жүгіну мекенжайлары, интернет-ресурстың сәйкестендіргіштері, деректерді беру желісінің хаттамалары, телефонмен сөйлесулердің жазбасы және т. б.).;
"Пайдаланушы (түпкі) жабдығы" - Абоненттің Қызмет алуға арналған техникалық құралдары (оның ішінде телевизиялық қабылдағыш, дербес компьютерлік құрылғылар және т. б.);
"Сәйкестендіру деректері" - Абоненттің өзі ойлап шығарған және Интернет желісіне тұрақты қолжетімділікті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын Абоненттің бірегей логині (login) мен құпия сөзі (passwords).
БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары.
"Абоненттік бөлім" - қолданыстағы және/немесе әлеуетті абоненттерге Оператордың қызметтері бойынша кеңестер беретін, сондай-ақ өзге де көмек көрсететін Оператордың бөлімшесі.
"Қаскүнемдік әрекеттер" - Оператордың не үшінші тұлғалардың желілік жабдығына/ақпараттық жүйелеріне/телекоммуникациялық желілеріне заңсыз қол жеткізуге бағытталған Абоненттің әдейі (қасақана) заңсыз әрекеттері.
"Заңсыз іс-әрекеттер" - Абоненттің Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің талаптары бойынша тыйым салынған не шектелген іс-әрекеттері.

1. ШАРТТЫҢ МӘНІ

1.1. Оператор Абонентке қосылу туралы Өтінішке сәйкес немесе Шартқа сәйкес өзге тәсілмен Абонент таңдаған қызметтерді (бұдан әрі - Қызметтер) көрсетеді, ал Абонент Оператор көрсеткен қызметтерге ақы төлейді. Оператордың Қызметтер көрсету талаптары мен олардың құны осы Шартқа Қосымшалармен немесе Оператордың ішкі құжаттарымен регламенттелген.
1.2. Оператор мен Абонент арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларымен реттеледі.
1.3. Осы Шартты жариялау жария оферта болып табылады. Осы Шартқа Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387-бабының (Жария шарт) және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (қосылу Шарты) 389-бабының талаптары қолданылады. Осы Шарттың талаптары барлық Абоненттер үшін бірыңғай болып табылады.
1.4. Қызмет көрсету туралы жария Шартқа қосылу туралы Өтініште көрсетілген күн офертаны құптау күні және осы Шартқа қосылу фактісі болып табылады. Оператор белгілеген тәртіппен Абоненттің алғашқы төлемді енгізген күні төлем күні болып есептеледі.
1.5. Осы Шарт белгіленбеген мерзімге жасалады.

2. ТӨЛЕМ ШАРТТАРЫ

2.1. Қызметтерді ұсыну Абонент Оператордың әрбір қызмет түрі бойынша Шарттың тәртібімен және талаптарымен тиісті соманы төлегеннен кейін ғана жүзеге асырылады.
2.2. Қызмет көрсеткені үшін төлем сомасын есептеу Абонент шарт жасасқан кезде жүргізіледі. Таңдалған қызметтер үшін абоненттік төлем алдын ала төлеммен 100% мөлшерінде, Оператордың кез келген абоненттік бөлімінің кассасына қолма-қол ақша қаражатын енгізу, Оператордың ағымдағы шотына ақша қаражатын банктік аудару (аудару) арқылы, сондай-ақ банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелері, банкоматтар, лезде төлеу терминалдары, POS-терминалдар, Интернет арқылы Оператордың банктік шотына және т. б. арқылы төлеу арқылы біржолғы және ай сайынғы төлемдер түрінде Қызметтер көрсетілетін айдың алдындағы әрбір күнтізбелік айдың соңғы күнінен кешіктірілмей жүргізілуі тиіс. Оператордың банктік шотына ақша түскен не Оператордың кассасына қолма-қол ақша енгізілген күн төлем күні болып есептеледі. Абоненттік төлемді есептеу қосылуға көрсетілген нақты орнату күнінен және оларға аутентификациялық деректерді беру күнінен басталады. Қайта қосу ағымдағы ай үшін толық төлем жасалған жағдайда жүзеге асырылады.
2.3. Техникалық ақаулықтар туындаған жағдайда Абоненттік төлем осындай ақаулықтарды жою кезеңіне есептеледі (бірақ әрбір жеке жағдайда 72 сағаттан аспайды). Оператор ақауларды 72 сағаттан артық мерзімде жоймаған жағдайда, Компания Абоненттің өтініші негізінде Абоненттік төлемді қайта есептеуді жүргізеді.
2.4. Шартта белгіленген төлем мерзімдері бұзылған жағдайда Оператор Абоненттен мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін Берешек сомасының 1% мөлшерінде өсімпұл өндіріп алуға құқылы. Егер өсімпұл төлеу туралы талап іс жүзінде қойылмаса не оны өндіріп алу туралы сот шешімі болмаса, онда өсімпұл сомасы нөл пайызды құрайды және төленуге жатпайды. Өсімпұл төлеу туралы талаптар қойылған жағдайда, оның сомасы осы Шарттың талаптарына сәйкес айқындалады
2.5. Абоненттің сұрауы бойынша абонентке оның дербес шотының жай-күйі туралы және абонент алған қызметтер туралы ақпаратты қоса алғанда , қызметтерге ақы төлеу жөніндегі берешегі туралы ақпарат беріледі.

3. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТТАРЫ

3.1. Оператор Абонентке қызмет көрсетеді, ал Абонент Шарт талаптары бойынша төлем жасауға міндеттенеді.
3.2. Көрсетілетін Қызметке қол жеткізуді ұсыну үшін Өтініш беруші Операторға осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосылу туралы Өтініш береді.
3.3. Оператор көрсетілетін Қызметтерге қол жеткізуді ұсынудың техникалық мүмкіндігі болмаған кезде Өтініш берушімен Шарт жасасудан бас тартуға құқылы.
3.4. Өтініш беруші Қызметтерге ақы төлеуді осы Шартқа тиісті Қосымшада көзделген тәртіппен жүзеге асырған және осы Шартты сақтаған жағдайда, Өтініш беруші өз әрекеттерімен осы Шартқа қосылған, оның талаптарын қабылдаған және Оператордың Абоненті болып табылады деп есептеледі.
3.5. Қызметтерді алу үшін Өтініш берушіде жарамды Пайдаланушы (түпкі) жабдығы, Абоненттік тарату жүйесі болуы тиіс.
3.6. Абонент Операторға осы Шарт бойынша Қызмет көрсету үшін қажетті Жабдықты көп пәтерлі үйдің конструкцияларында, элементтерінде, Абонент тұратын/орналасатын көп пәтерлі үйде ортақ мүлік болып табылатын үй-жайларда орналастыру үшін барлық қажетті рұқсаттары бар екендігіне кепілдік береді.
3.7. Абонент таңдалған қызметті Шартта көзделген тәртіп пен мерзімдерге сәйкес төлемді кейіннен енгізе отырып, тиісті өтініш беру арқылы өзгертуге құқылы.

4. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ҚОСЫМША ШАРТТАРЫ

4.1. Абонентте берешек болмаған жағдайда, оның жазбаша өтініші бойынша Қызметтер көрсету тоқтатыла тұруы мүмкін, уақытша тоқтата тұру тәртібі, мерзімдері, Қызметтер көрсетуді қосу/қайта бастау мерзімдері Оператордың қолданыстағы ережелерімен және тарифтерімен белгіленеді. Абоненттегі жалға алынған жабдық үшін төлемді қоспағанда, Абоненттік төлем уақытша тоқтата тұру кезеңінде есептелмейді.
4.2. Оператор келесі жағдайларда Абонентті ескертусіз қызмет көрсетуді тоқтата алады (нақты ажырату/Шартты бұзу), егер:
- Абонент Қызметтерді және/немесе Жабдықты Оператордың Қызметіне немесе оның Қызметтерін басқа абоненттердің пайдалануына қолайсыз әсер ететіндей етіп пайдаланса, оның ішінде
- Қаскүнемдік әрекеттерге және / немесе заңсыз әрекеттерге жол берсе;
- Абоненттің Берешегі бар болса;
- Абонент осы Шарттың талаптарын бұзса.
- Абонент Қызметтерді көрсетумен байланысты жалған ақпаратты немесе дұрыс емес ақпаратты ұсынса.
Абоненттің бастамасы бойынша Шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда және Абонентте талаптарға сәйкес Қызметтер көрсету үшін алдын ала төлем болған кезде Оператор Шартты бұзған сәтке қайта есептеу жүргізеді.
4.3. Оператор Абонентті Шарттың 5.1-тармағына сәйкес хабарландыру арқылы Қызмет көрсету талаптарының алдағы өзгерістері туралы ақпараттандырады.

5. ХАБАРЛАМАЛАР

5.1. Тараптар осы Шарт шеңберінде Қызметтерді ұсыну талаптарының (оның ішінде абоненттік төлем мөлшерінің, қызметтерді ұсыну атаулары мен талаптарының және көрсетілетін Қызметке байланысты өзге де талаптардың) өзгеруі туралы кез келген хабарлама БАҚ, Оператордың абоненттік бөлімі арқылы ақпаратты орналастыру жолымен және қажет болған кезде қысқа мәтіндік хабарламалар жіберу жолымен және басқа да қолжетімді мүмкін болатын тәсілдермен орналастырылатынына келіседі. Көрсетілген тәсілмен орындалған хабарламаларды Абонент алған болып есептеледі. Бұл ретте Тараптардың тиісті өзгерістерді көздейтін қосымша құжаттарға қол қоюы талап етілмейді.
5.2. Абонент Операторға мекенжайы немесе басқа да деректері өзгерген жағдайда, оның ішінде Абонент атынан Шартты орындауға құқығы бар тұлға ауыстырылған және/немесе қызметтерді ұсынудың жаңа талаптарымен келіспеген жағдайда жазбаша хабарлама жіберу арқылы хабарлайды.
5.3. Шартта Абонент көрсеткен нақты тұрғылықты мекенжайы бойынша Оператор Абонентке жазбаша нысанда жіберетін хабарламалар жеткізілген болып есептеледі.
5.4. Абонент жазбаша өтініш бойынша өтініш берілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап Қызметті өзгерте алады, ал Оператор айдың соңғы күні қабылдаған өтініштер бойынша өтініш берілген айдан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырады. Жазбаша өтініш Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
5.5. Осы Шартқа қол қою арқылы Абонент Оператордың Қызметтер көрсетуі мақсатында Оператордың Абонентке тиесілі ортақ мүлікті (кондоминиум объектісінің бір бөлігін) пайдалануына келісім береді.
5.6. Осы арқылы Оператор кабельдік телевизия қызметтері бейнематериалдарды, графикалық бейнелерді, музыкалық және дыбыстық туындыларды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік туралы заңнамасымен қорғалатын материалдарды қамтитынын ескертеді. 5.7. Абонент Оператордан Қызметтерді тек заңды мақсаттарда алуға және ҚР заңнамасының, оның ішінде құқық иеленушілердің авторлық және сабақтас құқықтарына қатысты талаптарын сақтауға міндеттенеді.

6. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

6.1. Оператордың құқықтары:
6.1.1 осы Шарттың 4.2-тармағында көзделген жағдайларда Абонентті ескертпей, Қызмет көрсетуді тоқтату сәтіне дейін Абоненттік төлемді есептей отырып, Қызмет көрсетуді тоқтату (іс жүзінде ажырату/Шартты бұзу).
6.1.2. осы Шарттың 6.3.4-тармағын сақтау жолымен осы Шарт бойынша Қызметтерді көрсету талаптарын бір жақты тәртіппен өзгерту.
6.1.3. осы Шарттың талаптарын сақтай отырып, Абонентке ескертусіз Интернетке қол жеткізу қызметтерін жеткізушіні ауыстыру.
6.1.4. жоспарлы жөндеу-профилактикалық немесе авариялық жұмыстар жүргізуге байланысты қызмет көрсетуді тоқтата тұру.
6.1.5 Оператордың кінәсінен көрсетілетін Қызметке (телекоммуникация желісіне) қолжетімділік болмаған жағдайда абоненттік төлемақыны қайта есептеуді жүргізеді; егер тиісінше орындау еңсерілмейтін күштің, яғни осы жағдайларда төтенше және болдырмау мүмкін емес мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары, төтенше жағдай және т.б.) салдарынан мүмкін болмаған, яғни Оператордың кінәсінен болмаған жағдайда абоненттік төлемақыны қайта есептеу жүргізілмейді. Мұндай мән-жайларға жатпайды, атап айтқанда.
6.2. Абоненттің құқықтары:
6.2.1. Оператордың тарифтеріне сәйкес осындай кабельдің құны төленген жағдайда, Абонентке қызмет көрсету орны бойынша тартылған кабельді Операторға қайтармау.
6.2.2. өтініште көрсетілген күннен бастап, бірақ Оператор осындай өтінішті алған күннен ерте емес жазбаша өтініш негізінде қызметті өзгерту. Егер өтініште қызметтің өзгерген күні көрсетілмесе - Оператордың өтінішті алған күні өзгерту күні болып есептеледі.
6.2.3. қызмет көрсетудің жаңа талаптарымен келіспеген жағдайда, жаңа талаптар қолданысқа енгізілген күннен кешіктірмей, Шартты бұзу туралы Операторға жазбаша хабарлай отырып, Шартты бұзу. Жазбаша хабарлама болмаған жағдайда, жаңа талаптарды Абонент қабылдаған болып саналады.
6.3. Оператордың міндеттері:
6.3.1. Абонентті Оператордың серверінде тіркеу және Шартқа қатысты ақпаратты Оператордың деректер базасында сақтау.
6.3.2. қажетті профилактикалық және жөндеу-сервистік жұмыстарды жүргізу жағдайларын қоспағанда, Абонентке тәулік бойы Қызметтер көрсету.
6.3.3. Абонент деректерді беру қызметтері сапасының нашарлауы туралы өтініш берген күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде (егер сапаның нашарлау себептері жабдықпен немесе абоненттер тарапынан жаппай шағымдарға әкеп соққан Оператордың іс-қимылымен байланысты болса) сапаны қалпына келтіру жөнінде қажетті шаралар қабылдау және көрсетілген қызметтер үшін қайта есептеу жүргізу.
6.3.4. осы Шарттың талаптарына сәйкес Қызмет көрсету талаптарының өзгергені туралы Абонентті хабардар ету. Бұл ретте Тараптардың тиісті өзгерістерді көздейтін қосымша құжаттарға қол қоюы талап етілмейді. Өзгерістер енгізілген күннен бастап Қызметтер үшін ақы төлеу және Қызметтер көрсету жаңа талаптармен жүргізіледі. Егер Абонент Қызмет көрсетудің жаңа талаптарымен келіспесе, ол тиісті өзгерістер қолданысқа енгізілген күннен кешіктірмей бұл туралы Операторға жазбаша хабарлауға міндеттенеді. Абонент Операторға жаңа талаптармен келіспейтіні туралы жазбаша хабарлаған жағдайда, Шарт жаңа талаптар енгізілген күннен бастап бұзылған болып есептеледі. Абонент Шартты бұзғандығы туралы Операторға хабарламаған немесе уақытылы хабарламаған жағдайда, Абонент төлемді соңғы өзгерістерді ескере отырып жүргізеді және жаңа талаптарды Абонент қабылдаған болып есептеледі.
6.3.5. қолжетімді тәсілмен (бұқаралық ақпарат құралдары, сайттар, жеке кабинет, SMS-хабарламалар, телефон арқылы қоңырау шалу) желі жұмысының тоқтатыла тұруына әкеп соққан Оператор желісіндегі авариялар туралы және аварияларды жоюдың болжамды мерзімдері туралы абоненттерді хабардар ету.
6. 4 Абонент міндеттенеді және кепілдік береді:
6.4.1. осы Шарттың талаптарына сәйкес барлық төлемдерді уақытылы жүргізу.
6.4.2. кабельдік/эфирлік-кабельдік желілерді жүргізу (орналастыру) және жылжымайтын мүліктің, үй-жайдың меншік иелерімен/қосалқы иелерімен, ПИК-пен немесе басқа уәкілетті тұлғамен жабдықтарды орнату/бөлшектеу үшін үй-жай элементтерін пайдалану туралы мәселелерді өз бетінше шешу. Абонент осы тармақта көзделген міндеттемелерді орындамаған жағдайда, Оператордың көрсетілген мәселелерді дербес реттеуге байланысты барлық шығыстарды қызметтерге ақы төлеу шоттарына қосуға құқығы бар. Абонент аталған тұлғалардың әрекеттері және/немесе әрекетсіздігі үшін дербес жауапты болады.
6.4.3. Қызметтерді Операторға, үшінші тұлғаларға зиян келтіретіндей, Оператордың басқа абоненттерінің Қызметтерді қалыпты пайдалануына кедергі келтіретіндей етіп пайдаланбау, сондай-ақ Қаскүнемдік әрекеттерге және/немесе Заңсыз әрекеттерге жол бермеу.
6.4.4. мекенжайы немесе басқа да деректері өзгерген кезде, оның ішінде Шартты Абонент атынан орындауға құқығы бар тұлға ауыстырылған кезде мұндай өзгерістер туындаған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы Операторға жазбаша хабарлау. Абоненттің осы талапты сақтамауы нәтижесінде туындаған салдарлар үшін Абонент толық жауапты болады.
6.4.5. осы Шарттың талаптары сақталмаған жағдайда, Операторға келтірілген залалды толық көлемде өтеу.
6.4.6. тиісті өзгерістер қолданысқа енгізілген күннен кешіктірмей Операторды қызмет көрсетудің жаңа талаптарымен келіспейтіні туралы жазбаша хабардар ету.
6.4.7. Қызмет сұратылып отырған үй-жайдың иесі болып табылмайтын (шетел азаматы, азаматтығы жоқ тұлға/жылжымайтын мүлікті жалға алушы болып табылатын) Абонент осы Шартты жасасу үшін барлық тиісті құқықтарға ие екендігіне кепілдік береді. Егер кейіннен Абонент Шарт жасасуға тиісті құқықтарға ие болмағаны, соның нәтижесінде Оператор шығынға ұшырағаны анықталған жағдайда, Абонент Операторға осының нәтижесінде нақты келтірілген залалды өтейді.өзінің логині мен паролін үшінші тұлғаларға бермеу, жарияламау, сондай-ақ өзінің логині мен паролі үшінші тұлғаларға қолжетімді болмауы үшін барлық қажетті күш-жігерін салу.
6.4.8. Абонент дербес түрде алған ақпаратты жария ету бойынша іс-әрекеттер жасамау.
6.4.9. Ақаулықтарды өз бетінше жою жөнінде шаралар қолданбау және кабельді оны бастапқы орнату орнынан ауыстырмау.
6.4.10. Шартта тікелей көрсетілген жағдайларды қоспағанда және Оператордың келісімінсіз Шарт бойынша құқықтары мен міндеттемелерін үшінші тұлғаларға қайта сатпау немесе бермеу.
6.4.11. Қажет болған жағдайда кіру есігінің кодын хабарлау, көрсетілген уақытта жөндеу бригадасын күту және т.б., керісінше жағдайда Абонент Оператордың белгіленген ережелері мен тарифтеріне сәйкес "жалған шақыру" үшін төлем жасайды. Қызметтерді Операторға, оның қызметкерлеріне, үшінші тұлғаларға зиян келтіретіндей, басқа Абоненттердің Қызметтерді қалыпты пайдалануына кедергі келтіретіндей етіп пайдаланбау.
6.4.12. Абонент Шарттың 6.4-тармағында көрсетілген талаптарды сақтамауы нәтижесінде орын алған мән-жайлар кезінде туындаған салдарлар үшін барлық жауапкершілік Абонентке жүктеледі.

7. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

7.1. Абонент Қызметтерді пайдаланған кезде Оператор төмендегілер үшін жауап бермейді:
7.1.1. егер мұның себебі жабдықты және/немесе қызметтерді оператордың кінәсінсіз дұрыс пайдаланбау, Жабдықтың жоғалуы немесе бүлінуі, сондай-ақ авариялық, профилактикалық және жөндеу-сервистік жұмыстар кезеңінде қызметтер көрсетуді тоқтату болып табылса, кез келген шығындар, жіберіп алған пайда, денсаулықты жоғалту немесе басқа да шығындар;
7.1.2. Қызметтерді ұйымдастыруға қатысатын басқа телекоммуникациялық компаниялардың іс-әрекеттері;
7.1.3. Абоненттің Қызметтер арқылы алынған ақпаратпен және қызметтермен байланысты тәуекелдері;
уәкілетті мемлекеттік органдардың уақытша тыйым салуынан, электр энергиясын беруді тоқтатудан, ауа-райы жағдайларынан және Операторға байланысты емес басқа да себептерден туындаған Абоненттің Қызметтерді алуындағы үзілістер.
7.1.4. Абонент дербес түрде сатып алған Жабдықтың жұмыс сапасы.
7.1.5. егер Абонентке тиесілі логин мен пароль туралы ақпарат үшінші тұлғаларға белгілі болса, сондай-ақ көрсетілген ақпаратты үшінші тұлғалардың алуы нәтижесінде туындаған салдарлар үшін.
7.1.6. Операторға тиесілі емес бағдарламалық қамсыздандыру немесе жабдық істен шыққан жағдайда қызмет көрсетудегі үзілістер;
7.1.7. үшінші тараптар әкімшілендіретін дүниежүзілік Интернет желісінің жекелеген тораптарының немесе ресурстарының қолжетімсіздігі. Мұндай қолжетімсіздік жағдайлары байланыс үзілістері болып табылмайды;
7.1.8. Абоненттің баспалдақ алаңындағы тарату қорабынан абоненттік жабдыққа дейінгі кабельдің зақымдануы;
7.1.9. Қызметті алу үшін пайдаланылатын Абоненттің жабдығы мен бағдарламалық қамсыздандыруы жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
7.1.10. Абоненттің Сәйкестендіру деректерін үшінші тұлғалардың пайдалануы.
7.1.11. Абонент осы Шарттың 6-бөлімі 6.4.7 -6.4.8 тармақтарын сақтамауы нәтижесінде туындаған салдарлар үшін жауапты болады.

8. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ

8.1. Осы арқылы Тараптар Шарттың болуы мен талаптарына қатысты ақпарат, сондай-ақ олар Шартты жасасу және орындау барысында алған қаржылық, коммерциялық және өзге де ақпарат құпия болып табылатынымен және үшінші тұлғаларға жария етуге жатпайтынымен келіседі.
8.2. Тараптың құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруі, жариялауы немесе оны өзге де жария етуі екінші Тараптың жазбаша келісімін алғаннан кейін ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларда мүмкін болады.
8.3. Шарттың талаптарын бұза отырып, Тараптардың кез келгені құпия ақпаратты жария еткен не таратқан жағдайда, кінәлі Тарап осындай ақпаратты жария ету салдарынан екінші Тарап шеккен ықтимал залалдарды өтей отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылықта болады.

9. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ

9.1. Осы Шартқа қол қоя отырып, Абонент төмендегілерге сөзсіз жазбаша келісім береді (осы Шартқа қол қою арқылы берілген осы келісімнен басқа Абоненттің жеке келісімі талап етілмейді):
- Оператор осы Шарт бойынша талап ету құқығын өзіне беруге және/немесе оларға Абоненттен Шарт бойынша берешекті өндіріп алуды тапсыруға ниеттенген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда, Оператордың Абоненттен алынған және/немесе осы Шартқа байланысты қажетті ақпаратты үшінші тұлғаларға беруі;
- Абоненттен берешекті өндіріп алуға байланысты сот талқылауының нәтижелері туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлау;
- оның дербес деректерін жинау, өңдеу, тарату (Т.А. Ә., телефон нөмірлері, сәйкестендіру кодтары, электрондық пошта мекенжайлары, пошталық мекенжайы, тұрғылықты мекенжайы, ЖСН, Абонентпен телефон арқылы сөйлесулердің жазбалары, биллингтік мәліметтер және Абонентке ұсынылатын қызметтер туралы мәліметтер, деректерді беру желісіндегі Абоненттің мекенжайлары және деректерді беру желісіндегі интернет-ресурстарға жүгіну мекенжайлары, интернет-ресурстың сәйкестендіргіштері, деректерді беру желісінің хаттамалары және т. б.) және Оператордан ақпараттық хабарлама (мұнымен шектелмей, қызметтер туралы хабарламалар, қызметтер үшін ақы төлеу туралы ескертулер, берешектің болуы және оны төлеу мерзімдері және т. б.) түрінде СМС-таратылымдар алу үшін ұсынылатын Қызметтерге Абоненттен төлемдерді қабылдауды жүзеге асыру, сондай-ақ Оператордың осы Шарт бойынша қызметтер көрсету жөніндегі Қызметті жүзеге асыруы мақсатында оларды Қазақстан Республикасының банктеріне, төлем жүйелеріне беру.
9.2. Бұл ретте, Абонент өзінің дербес деректері, атап айтқанда оның Т.А.Ә., тұратын мекенжайы, пошталық мекенжайы жалпыға бірдей қолжетімді болып табылатындығымен келіседі, оларға құпиялылықты сақтау талаптары қолданылмайды.
9.3. Сондай-ақ Абонент жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін дербес деректерді кез келген үшінші тұлғаға беру қажет болған жағдайда, сол сияқты көрсетілген мақсаттарда үшінші тұлғаларды қызметтер көрсетуге тартқан кезде, Оператордың өзіне тиесілі функциялар мен өкілеттіктерді өзге тұлғаға берген кезде Оператор жоғарыда көрсетілген әрекеттерді жасау үшін Абонент туралы ақпаратты (абоненттің дербес деректерін қоса алғанда) осындай үшінші тұлғаларға, олардың агенттеріне және олар уәкілеттік берілген өзге де тұлғаларға қажетті көлемде ашуды, сондай-ақ осындай тұлғаларға осындай ақпаратты қамтитын құжаттарды беруді мойындайды және растайды.
9.4. Осы Шарттың талаптарын назарға ала отырып, Абонент өзінің дербес деректерін Оператор жинаған, өңдеген және таратқан кезде бұдан әрі осы факт бойынша Операторға қандай да бір наразылықтары болмайтындығымен келіседі.

10. ФОРС-МАЖОРЛЫҚ МӘН-ЖАЙЛАР

10.1. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін, егер бұл орындамау Шарт жасалғаннан кейін туындаған еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, олардың басталуын міндеттемені ішінара немесе толық орындамаған Тарап болжай алмаса, жауапкершіліктен босатылады. Бұл ретте Шарт бойынша міндеттемелерді орындау осындай мән-жайлар әрекет еткен уақытқа тоқтатыла тұрады және олардың әрекеті тоқтағаннан кейін бірден қайта басталады. Егер бұл мән-жайлар 2 (екі) айдан астам уақыт әрекет ететін болса, онда Тараптардың кез келгені екінші Тарапқа алдын ала хабарламай, Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
10.2. Форс мажорлық мән-жайлардың ¬сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуға тиіс.

11. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

11.1 Тараптар осы Шарт күшіне енген күннен бастап Тараптар бұрын жасасқан шарттар, Тараптар оларды толық орындағанға дейін сақталатын және әрекет ететін орындалмаған міндеттемелерді қоспағанда, бұзылды деп есептелетіні туралы келісімге келді.
11.2. Шарт мерзімсіз болып табылады. Осы Шартқа қол қою арқылы Абонент қызметтерді көрсету және/немесе тарифтер және/немесе Шарт талаптарын Оператордың біржақты тәртіппен өзгертуіне және/немесе толықтыруына өз келісімін білдіреді.
11.3. Егер Абонент Абоненттік төлемді төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамауына байланысты және Оператордың ішкі құжаттарына сәйкес оған қызмет көрсету тоқтатылған жағдайда, осы Шарт күнтізбелік отыз күн ішінде Оператордың бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.
11.4. Шарт Абоненттің бастамасы бойынша Операторға жазбаша өтініш жіберу арқылы өтініште көрсетілген күннен бастап, бірақ Оператор осындай өтінішті алған күннен ерте емес бұзылуы мүмкін. Егер өтініште шартты бұзу күні көрсетілмесе - Оператордың өтінішті алған күні бұзу күні болып саналады. Жазбаша өтініш Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
11.5. Абонент Операторды өзінің қызмет көрсетудің жаңа талаптарымен келіспейтіні туралы өзгерістер қолданысқа енгізілген күннен кешіктірмей жазбаша хабардар еткен жағдайда, Шарт жаңа талаптар енгізілген күннен бастап бұзылды деп есептеледі.
11.6. Жабдықты орнатуды, бөлшектеуді жүргізетін тұлғаның жабдықты орнатуға/нарядқа, жабдықты бөлшектеу туралы актілерге Оператордың атынан қол қоюға құқығы бар.
11.7. Барлық даулар тараптардың келісімі бойынша шешілуі тиіс. Егер Тараптар келісімге келе алмаса, онда даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі. Оператор мен Абонент арасындағы даулар Шарттың деректемелерінде көрсетілген Оператордың орналасқан жері бойынша сотта қаралуға жатады.
11.8. Шартта Абонент көрсеткен нақты тұрғылықты мекенжайы бойынша Оператор Абонентке жазбаша нысанда жіберетін хабарламалар жеткізілген болып есептеледі.
11.9. Осы Шартқа қол қою арқылы Абонент Оператордың Қызметтер көрсетуі мақсатында Оператордың Абонентке тиесілі ортақ мүлікті (кондоминиум объектісінің бір бөлігін) пайдалануына келісім береді.
11.10. Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды. Келіспеушіліктер туындаған кезде Тараптар Шарттың орыс тіліндегі редакциясын басшылыққа алады.

МЕКЕНЖАЙЛАР ЖӘНЕ БАНК ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:

"Қайнар-Медиа" ЖШС
БСН 090340012545
Талдықорған қ.
"Жастар" ш/а. 42
ЖСК KZ5294819KZT22030070
"Еуразиялық банк" АҚ
БСК EURIKZKA
ҚҚС бойынша куәлік Серия 09001, 16.10.2013ж. № 0011144

"Қайнар-Медиа" ЖШС директоры ________________ А.А.Нестеренко